Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыГарри мен Уильям ханзадалардың нағашы қарындасы, ханшайым Диананың ағасының немересі – 20 жастағы Рози Рош Нортондағы үйінде өлі табылды. Бұл туралы The Sun таблоидына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қыздың өліміне оқ жарақаты себеп болған.
Оны анасы мен сіңлісі тауып алған. Ол достарымен бірге жолға жиналып, заттарын жинап қойған болатын, – делінген мақалада.
Аудандық коронер Грант Дэвистің айтуынша, бойжеткен суицид жасаған.
Үшінші тараптың қатысуы анықталған жоқ, – деп мәлімдеді ол.
Белгілі болғандай, Рози Дарем университетінде әдебиет мамандығы бойынша білім алып жүрген.
Марқұмның отбасы және Уильям ханзаданың өкілі бұл оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартқан.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары