29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАмерикалық файтер Стивен Томпсон қазақстандық Шавкат Рахмоновтың жекпе-жекке шақыруына жауап берді, деп хабарлайды El.kz порталы Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
39 жастағы бұрынғы UFC белбеуіне үміткер спортшы төрт адамдық турнир ұйымдастыруды ұсынды.
– Ол мені, Хорхе Масвидаль және Ник Диазды жекпе-жекке шақырды. Менің ойымша, төртеуміз турнир өткізуіміз керек. Дивизияда кім қалатынын көрейік. Жеңілген адам кетуі қажет. Маған бұл идея ұнайды. UFC, осыны ұйымдастырыңыз. Менің ойымша, бұл өте керемет болады. Шағын турнир, — деп келтіреді Томпсонның сөзін BJ Penn.
Айта кетейік, 26 маусымда өткен UFC Vegas 57 турнирінде Рахмонов АҚШ өкілі Нил Мэгниді екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек