29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыUFC басшылығы 29 тамыз күні айтулы жекпе-жек уақытын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Нью-Йоркте өтетін UFC 322 турнирінің басты айқасында ресейлік Ислам Махачев пен аустралиялық Джек Делла Маддалена жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін октагонға шығады. Кездесу 16 қарашаға жоспарланған.
Ислам Махачев бұған дейін жеңіл салмақтағы чемпиондық атағынан бас тартып, жоғары салмаққа көтерілген еді. Егер бұл жолы жеңіске жетсе, ол UFC тарихында екі түрлі дивизионда чемпион атанған алғашқы ресейлік спортшы болады.
Ал қазіргі чемпион Джек Делла Маддалена төрт ай бұрын Белал Мухаммадты жеңіп, белбеуді иеленген болатын. Енді ол алғаш рет өз титулын қорғауға дайын.
Айта кетейік, бұл дивизионда қазақстандық Шавкат Рахмонов та өнер көрсетеді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек