Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерProfessional Fighters League турнирінің жеңімпазы әрі UFC-дің бұрынғы чемпионы Фрэнсис Нганну мотоциклімен жол апатына ұшырады. Бұл оқиға салдарынан 17 жастағы қыз қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Essentialsports басылымының жазуынша, қайғылы жағдай Камерун астанасы Яундеде шамамен 10 күн бұрын болған, алайда ол жайлы ақпарат енді ғана жарияланып отыр.
Кейбір деректер бойынша, Нганну басқарған мотоцикл жас қыз отырған көлікпен соқтығысқан. Жол апатынан соң спортшы зардап шеккен қызды дереу ауруханаға жеткізіп, барлық медициналық шығындарды өтеп бергенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Басқа бір деректерде Нцамма Бригитте Мануэлла есімді бойжеткен жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болғанда, Нганну мотоциклімен оны қағып кеткені туралы жазылған. Жол апаты 19 сәуір күні Камерун мегаполисіндегі Omnisports ауданында болған.
Оқиға кезінде Нганну жылдамдықты асырды ма, әлде қыздың өзі ереже бұзды ма, бұл жағы әлі нақты анықталған жоқ. Әзірге спортшының өзі де, полиция да ресми түсініктеме бермеді.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі