Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстандық UFC жауынгері Бекзат Алмахан (12-2) 22 қараша күні Дохада (Катар) өтетін UFC Fight Night турнирінде испаниялық файтер Александр Топуриямен (6-1) кездеседі. Бұл туралы UFC Eurasia-ға сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Жекпе-жек UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді.
Алмахан өзінің соңғы кездесуін биыл мамыр айында Канададағы Монреаль қаласында ұйымдастырылған UFC 315 турнирінде өткізіп, бірінші раундта жергілікті фаворит Брэд Катонаны (14-5) нокаутқа жіберген болатын.
Александр Топурия соңғы рет 2025 жылғы 22 ақпанда Аустралияның Сидней қаласында өткен UFC 312 турнирінде октагонға шығып, жергілікті спортшы Колби Тикнестен айласын асырған.
Айта кетейік, Александр – жеңіл салмақтағы UFC чемпионы әрі P4P рейтингінің көшбасшысы Илия Топурияның туған бауыры.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары