7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (23-3) Дохада (Катар) өткен UFC Fight Night 265 турнирінде кезекті жарқын жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ол аса жеңіл салмақта америкалық тәжірибелі файтер Алекс Переспен (25-10) октагонға шықты.
Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Үшінші раундта Алмабаев қарсыласын қылғындыру әдісімен (submission) жеңіп, өзінің басымдығын толық дәлелдеді.
Бұл Асу Алмабаевтың ММА-дегі кәсіби мансабындағы 23-жеңісі, ал Алекс Перес үшін бұл – оныншы жеңілісі.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы бұған дейінгі айқасында Хосе Очоаны сенімді түрде жеңген. Ал Перес соңғы кездесуінде жапониялық Тацуро Таирадан техникалық нокаутпен ұтылған болатын.
Асу Алмабаев қараша айының басында Қатарға барып, UFC турниріне дайындық жүргізген еді.
Асу Алмабаев туралы қысқаша мәлімет
Туған жылы: 1994
Туған жері: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңаталап ауылы
Салмақ дәрежесі: Аса жеңіл салмақ (Flyweight)
UFC-дегі көрсеткіші: 6-1
Алмабаевтың бұл жеңісі оның UFC-дегі позициясын нығайта түсті және рейтингте жоғарылауға үлкен мүмкіндік береді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?