Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсБашқұртстан Республикасының Ұлттық музейінде «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұсынған «Көне Түркістан және Ясауи мұрасы» тақырыбындағы халықаралық көрменің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz интернер порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, экспозицияда Ұлы Жібек жолындағы басты орталық — ежелгі Түркістан тарихымен байланысты бірегей археологиялық олжалар мен мәдени жәдігерлер таныстырылды. Бүкіл түркі әлемінің рухани мәдениетіне терең әсер еткен XII ғасырдың көрнекті философы, ақын, ойшыл Қожа Ахмет Ясауи өмірі мен мұрасына ерекше назар аударылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған көрмеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен сирек жәдігерлер қойылды.
Атап айтсақ, Түркістан оазисінің қалашықтары мен қорғандарынан табылған сирек кездесетін заттар, Қожа Ахмет Ясауи мен оның ізбасарларының қолжазба еңбектері, Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бейнесін суреттейтін сәулет элементтері, фотоматериалдар, ортағасырлық нумизматикалық жәдігерлер мен қыш бұйымдар және т.б. ұсынылды.
Сондай-ақ келген көрермен Ясауи ілімінің Еділ мен Жайық мұсылмандарына, оның ішінде қазіргі Башқұртстан аумағындағы кесенеде жерленген XIV ғасырдағы қазы, рухани көсем Хусейн-бекке әсері туралы мәліметке қанық бола алады.
Көрме 2025 жылдың 3 тамызына дейін жалғасады.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды