1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіМәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үкіметтік емес ұйым өкілдерін мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін бүкіл әлем Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнін атап өтуде. Қазақстанда үкіметтік емес сектор әлеуметтік мәселелерді шешу мен азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекеттің сенімді серіктесі болып келеді. Мемлекет басшысы ҮЕҰ рөлін ерекше атап көрсеткен. Өздеріңіз білесіздер, олар халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен азаматтық қоғамның рөлін күшейтуде маңызды рөл атқарады, - деп жазды министр.
Министр қазір елімізде ҮЕҰ-ды мемлекеттік қолдау тетіктері қалыптасқанын атап өтті.
Атап айтсақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру және марапаттау. Қазір 23 мыңнан астам ҮЕҰ бар, оның 18 мыңы белсенді жұмыс істейді. Қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық кеңестер туралы заңнамаға түзетулер енгізілді. Мемлекеттің дамуының негізгі ресурсы адами капитал, оның әлеуеті мен дамуы, яғни әлеуметтік капитал, - деп жазды Аида Балаева.
Еліміздегі азаматтық қоғамның дамытуды одан әрі жалғастырудың маңызын көрсетті.
Азаматтарға инвестиция сала отырып, біз әркім әлеуметтік міндеттерін жүзеге асыруға өз үлесін қосатын күшті және дамыған қоғам қалыптастырамыз. Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде үлкен рөл атқаратын азаматтық белсенділерді Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар күнімен құттықтау мен үшін үлкен мәртебе! Азаматтық қоғам жауапты, берекелі болсын! Еліміздегі азаматтық қоғамды дамытудағы маңызды және негізгі міндеттерді жүзеге асыруда баршаңызға сәттілік, шығармашылық табыс, және кәсіби белсенділік тілеймін!, - деп жазды министр.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?