12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікМәдениет және ақпарат министрлігі мен Бірыңғай грант операторы 2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға грант беру байқауын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік мәліметінше, байқаудың мақсаты – азаматтық бастамаларды қолдау және азаматтық қоғам институттарын әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге тарту.
Байқау аясында ҮЕҰ бірнеше басым бағыт бойынша жобаларды ұсына алады:
- Инклюзивті қоғамды дамыту;
- Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту;
- Азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру жөніндегі шаралар мен іс-шараларды ұйымдастыру;
- Төтенше жағдайлардағы және ТЖ салдарын жоюдағы волонтерлікті дамыту;
- «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық волонтерлікті дамыту;
- Медицина саласындағы волонтерлікті дамыту;
- Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту;
- Әлеуметтік волонтерлікті дамыту;
- Зооволонтерлікті дамыту.
Толық ақпарат пен құжаттаманы cisc.kz сайтынан қарауға болады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер