Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҰлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов теңге девальвациясының тәуекелдері туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, бұған ешқандай негіз жоқ.
Біздің экспортымыздың қандай деңгейде екенін көріп отырсыздар. Биыл экспорт былтырға қарағанда әлдеқайда жоғары. Импорт түсіп кетті. Бізде қазір сауда тепе-теңдігі бар. Сондықтан бізде девальвацияға еш себеп жоқ, - деді вице-министр.
Шенеуніктің сөзінше, Қазақстанның ұлттық валютасы тұрақты.
Оған әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Өзге валюталар секілді ол да елдің экспорт-импортына тікелей байланысты болады. Соның салдарынан курс өзгеруі мүмкін. Валютаның тұрақтылығын өздеріңіз көріп отырсыздар. Ұлттық валютада депозиттердің кірістілігі, инфляцияны ескере отырып, шетел валютасына қарағанда әлдеқайда көп екенін де көріп отырсыздар. Жеке өзім ұлттық валютаның тұрақтылығына сенемін. Өз басым ұлттық валютаның жанкүйерімін. Ол тұрақты. Соңғы жылдардың динамикасы бұған дәлел, - деп түйіндеді сөзін ол.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар