30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Бильбаоның «Атлетик» клубының қорғаушысы Йерай Альваресті антидопинг ережесін абайсызда бұзғаны үшін 10 айға жарыстардан шеттетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
1 мамырда «Манчестер Юнайтедке» қарсы Еуропа лигасы ойынынан кейін алынған сынамада тыйым салынған зат – канренон табылған. Футболшы 2 маусымда уақытша жарыстардан аластатылды. Дисквалификация мерзімі сол күннен бастап есептеледі. Альварес алаңға тек 2026 жылдың 2 сәуірінде қайта оралады.
Клуб мәлімдемесінде былай делінген:
УЕФА ойыншының әдейі допинг қолданбағанын мойындайды. Тыйым салынған зат оның серіктесіне тиесілі шаш түсуге қарсы препаратты қате пайдалану салдарынан түскен. Дегенмен қолданыстағы ережелерге сәйкес, спортшылар өз әрекеттері үшін толық жауап береді. Сондықтан қорғаушы препараттың құрамын алдын ала тексеруі тиіс еді.
«Атлетик» клубы 30 жастағы футболшының жақын уақытта баспасөз конференциясын өткізетінін хабарлады.
Альварес 2016 жылдан бері «Атлетик» сапында ойнап келеді. Осы уақыт ішінде ол 257 матчқа қатысып, Испания кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды