УЕФА сенім артты: қазақстандық төрешілер еурокубоктың басты матчына тағайындалды

УЕФА сенім артты: қазақстандық төрешілер еурокубоктың басты матчына тағайындалды

Айзат Айдарқызы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстандық төрешілер бригадасы УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі «Гент» пен «Орхус» арасындағы матчқа төреші болады. Кездесу 15 қазанда Гент қаласындағы «KAA Gent Arena» стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 21:45-те басталады.

ҚФФ-ның хабарлауынша, ойынның бас төрешісі қызметін Болат Сәриев атқарады. Оған қапталдағы көмекшілер ретінде Сергей Васютин мен Денис Лабашов жәрдемдеседі. Төртінші төреші міндеті Саят Қарабаевқа жүктелді.

Бұдан бөлек, ойында VAR жүйесінің мамандары да жұмыс істейді. Бас төрешінің бейнекөмекшісі (VAR) болып испаниялық Хуан Мартинес Мунуэра, ал оның ассистенті (AVAR) қызметіне қазақстандық төреші Айдын Тасыбаев бекітілді.

Болат Сәриев пен оның көмекшілері Сергей Васютин және Денис Лабашов биылғы маусымда еурокубок ойындарында төрелік етіп үлгерді. Атап айтқанда, олар Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі швейцариялық «Тун» мен хорватиялық «Динамо Загреб» (1:1) арасындағы кездесуде, сондай-ақ Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі Солтүстік Македонияның «Шкендия» және Шотландияның «Хиберниан» командалары арасындағы матчта жұмыс істеді.

Бұған дейін Дастан Сәтпаев Англиядағы қазақ жанкүйерлеріне ризашылығын білдірген еді.

Оқи отырыңыз

{