Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАлматының «Қайрат» клубының спорт базасына УЕФА президенті Александр Чеферин келді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Құрметті қонақты «Қайрат» U-15 және «Қайрат» WU-17 сияқты академияның жасөспірімдер командалары, сондай-ақ көру қабілеті толық немесе жартылай шектелген жандарға арналған футболды таныстыратын Kairat Blind Football ойыншылары қарсы алды. Жас спортшылар Чеферинге клуб атынан естелік сыйлық табыс етті.
Кейіннен УЕФА президенті негізгі команда мен «Қайрат-Жастар» бапкерлер штабымен әңгімелесті.
Сапар барысында қонаққа клуб инфрақұрылымы таныстырылды. Тұрғын блок, асхана, жаттығу залы, медициналық орталық пен жаттығу алаңдары көрсетілді. Ол тіпті жастар құрамына жасалған жағдайдың Еуропаның жетекші клубтарына тән деңгейге сай екенін атап өтіп, базаның барлық заманауи стандартқа жауап беретінін ерекше айтты, - делінген клуб мәліметінде.
Сапар соңында Александр Чеферин «Қайратты» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуымен құттықтап, клубқа ұлттық және халықаралық аренада жаңа табыс тіледі.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?