23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?УЕФА президенті Александр Чеферин Еуропада жалақы шегін енгізу жоспары туралы айтты. Оның айтуынша, бұл ұсынысты барлық клуб басшылары қолдап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бір қызығы, бәрі келісті. Үлкен және кіші клубтар, мемлекеттік командалар, миллиардерлерге тиесілі клубтар да келісіп отыр. Жалақы шегі туралы жақсылап ойлануымыз керек. Егер бюджет аспандап кетсе, онда бәсекелестіктегі тепе-теңдік үлкен мәселеге айналады. Бұл жерде клуб иелері туралы айтып тұрған жоқпын, жарыс құндылықтарын меңзеп отырмын, себебі айналдырған бес клуб қана жеңіске жете берсе, онда мұның бәрі мәнсіз болып кетеді, - деді ол.
Чеферин бұл жерде ұжымдық келісім керек екенін алға тартты.
Қазіргі уақытта біз 2024 жылдан кейін күшіне енетін жаңа ережені қабылдадық. Соған сәйкес табыстың 70% жалақы мен трансферттерді төлеуге жұмсауға болады. Бірақ бұл шара жеткіліксіз, өйткені кіріс 5 миллиард болса, оның 70% өте көп, - деді Чеферин Men In Blazers-ке берген сұхбатында.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік