30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-ағарту саласындағы жүйелі мәселелерді шешу, білім беру бағдарламалары мен оқулықтардың сапасын арттыру қажеттігін айтты.
Мемлекет басшысының пікірінше, Оқу-ағарту министрлігі мен әкімдіктердің тиісті басқармалары ең алдымен саланың құқықтық-нормативтік базасын жетілдіруге, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға және білім беру бағдарламаларын мұқият саралауға басымдық беруі керек.
Жақында Үкімет жұртшылыққа нәтижелі жұмыстың қорытындысын жариялады. Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам өрескел қате табылған. Мұның бәрі орта білімнің сапасына нұқсан келтіреді десек, артық айтқандық емес, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы мектеп бағдарламаларындағы тарихи мазмұнға да ерекше тоқталды. Оның айтуынша, тексерілмеген тарихи деректер мен оқиғалар, сондай-ақ жалған «қаһармандар» мен олардың ойдан шығарылған «ерліктері» туралы аңыздар қамтылған оқу материалдарын қайта қарау қажет.
Әлгінде ғана тексерілмеген тарихи деректер мен оқиғалар сипатталатын, балаларға жалған «қаһармандар» мен олардың «ерлігі» жөнінде әңгімелейтін аңыздар енген оқу материалдарын қайта қарау қажет екенін айттым. Жалған, ойдан құрастырылған мәліметтер тарату арқылы балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу жақсылыққа апармайды. Бұл халқымыздың ар-ұжданына қайшы. Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек. Бұл жөнінде үнемі айтып келемін. Біздің кейбір қаламгерлеріміз «мұң» деген сөзді жақсы көреді: «жүрегімде мұң, көзімде мұң»! Мұң-қайғы жастық шаққа, жастарға жараспайды. Жастарымыз өз халқының тарихын дұрыс түсіне отырып, болашаққа үмітпен және сеніммен қарауға тиіс. Еліміздің жастары оптимист болып, еңсере алмайтын қиындық жоқ екенін білуі қажет. Біз өз күш-қуатымызға сенетін, мықты ұлтқа айналуымыз керек. Мұң, қайғы, күйзеліс – жастарымызға жат нәрсе болуға тиіс, – деп атап өтті ол.
Президент білім саласындағы тағы бір маңызды бағыт ретінде жасанды интеллектіні атады. Оның айтуынша, биыл мамыр айында орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізуге қатысты арнайы Жарлыққа қол қойылған. Алайда жаңа оқу жылы қарсаңында бұл тапсырма тиісті деңгейде орындалмаған. Тоқаев мұны үлкен кемшілік деп бағалады.
Мемлекет басшысы балалар мен педагогтердің жасанды интеллектіні дұрыс әрі жүйелі пайдалану тәртібін айқындайтын тиімді шараларды шұғыл қабылдау қажет екенін айтты. Сонымен бірге жастардың, әсіресе ауыл жастарының цифрлық құрылғыларды тек көңіл көтеру үшін емес, тұрақты табыс көзіне айналдыра алуы маңызды екенін атап өтті.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды