23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?6 қазандағы республикалық референдумда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылғы 6 қазанда дауыс беру күні Орталық референдум комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОРК мүшелері дауыс берушілердің қатысуы туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.
Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2024 жылғы 6 қазанда сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 63,87% -і бюллетень алды.
Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша:
1. Абай облысы бойынша – 69,57 %
2. Ақмола облысы бойынша – 71,63 %
3. Ақтөбе облысы бойынша – 75,11 %
4. Алматы облысы бойынша – 68,71 %
5. Атырау облысы бойынша – 63,28%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,03%
7. Жамбыл облысы бойынша – 61,28%
8. Жетісу облысы бойынша – 68,01 %
9. Қарағанды облысы бойынша – 72,12 %
10. Қостанай облысы бойынша – 73,45 %
11. Қызылорда облысы бойынша – 82,48 %
12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,03 %
13. Павлодар облысы бойынша – 65,09 %
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 66,31 %
15. Түркістан облысы бойынша – 75,31%
16. Ұлытау облысы бойынша – 70,69 %
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 73,79 %
18. Астана қаласы бойынша – 50,81 %
19. Алматы қаласы бойынша – 25,39 %
20. Шымкент қаласы бойынша – 70,57%
Учаскелік референдум комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Учаскеде дауыстарды санау уақыты оларды санау басталғаннан кейінгі он екі сағаттан аспауға тиіс.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік