Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҰлттық бірыңғай тестілеу басталғаннан бері 20 мыңға жуық талапкер тестілеуден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екі үміткер максималды 140 балдың 133-сін жинады. Естеріңізге сала кетейік, бас емтихан 18 мамырда басталды және 5 шілдеге дейін жалғасады.
ҰБТ-ның алғашқы 5 күнінде Шығыс-Қазақстан облысы және Алматыда екі талапкер ең жоғары нәтиже көрсетті. Олар тестілеуде жалпы 140 балдың 133-ін жинады.
Естеріңізге сала кетсек, тестілеу форматында өзгерістер жоқ. Пәндер саны өзгеріссіз қалады, яғни үш міндетті және екі бейіндік пәндер, барлығы 120 тест тапсырмасы. Оның ішінде, Қазақстан тарихы – 20, оқу сауаттылығы – 15, математикалық сауаттылық – 15 және екі бейіндік пән бойынша 35 тест тапсырмасы ұсынылады. Ең жоғары ұпай – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут).
Шекті балл өзгерген жоқ: «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары үшін кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде 60 балл; ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл жинау керек.
Талапкерлердің ыңғайы үшін ҰБТ-ның күнін, уақытын, орны мен бейіндік пәндерін еске салатын SMS жолданады. Хабарлама ҰБТ-ға қатысушылардың өздеріне, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған тестіленушілердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жіберіледі.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек