22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды2025 жылғы 16 мамырда басталған негізгі ҰБТ-дан бері 52 мыңнан астам тестілеу өткізілді. Талапкерлердің 66%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 33%-ы орыс тілінде және 65 адамы ағылшын тілінде тапсырды. Тестілеу кезінде 55 ереже бұзушылық анықталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылыми және жоғары білім министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, бірінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 62%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 61-ді құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл – Түркістан облысынан Әбілхан Жәнібек көрсетті.
Биыл тестілеуге қатысуға 216 мың талапкерден 399 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 20%-ы «Математика-Физика», 17%-ы «Шығармашылық емтихан» пәндер комбинациясын тапсырды. 11%-ы «Биология-Химия» комбинациясын таңдаған. Ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 163 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.
Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады.
ҰБТ-ны өткізудің бірінші аптасында 55 ереже бұзушылық анықталды. 26 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 29 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.
Айта кетейік, 2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев