30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҒылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, тестілеу ұзақтығы – төрт сағат (240 минут). Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін қосымша 40 минут уақыт қарастырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тестілеу кезінде талапкерлерге бірнеше үзіліс беріледі. Тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін 2 минут, 120 минуттан кейін 3 минут және 180 минуттан кейін 3 минут көлемінде үзіліс беріледі. Бұл уақытта тестке қатысушылар жаттығу жасап, су ішіп, өздерімен бірге алып келген шоколадты жей алады, - деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Шығармашылық бағытты таңдаған талапкерлерге тапсырмаларды орындау үшін 70 минут беріледі. Олар ҰБТ-ны екі пән – «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» бойынша тапсырады.
Шығармашылық мамандықтан басқа мамандыққа ауысуға ниетті студенттер үшін тестілеу ұзақтығы – 130 минут. Тестке қатысушылардың бұл санаты таңдауы бойынша екі бейіндік пән бойынша тест тапсырады.
Өз мамандығы немесе сабақтас бағыт бойынша оқуын жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектеріне ҰБТ-да 120 минут беріледі. Осы уақыт ішінде олар жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша тапсырмаларды орындайды.
Ұқсас мамандықтар бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған шығармашылық бағытты тәмамдаған колледж түлектері үшін тестілеу уақыты – 80 минут. Олар ҰБТ-ны бір арнайы пән бойынша тапсырады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды