Нақтылықтың болмауы өмірде қиындық туғызады. Көп нәрсе уақытында орындалмай, жұмыс немесе сабақ көлемі арта түседі, ал бұл өз кезегінде уайым мен күйзеліске әкеледі,деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бәріне үлгеру үшін не істеу керек?
Ұйқы: Ересек адам күніне 7-8 сағат ұйықтауы тиіс. Жақсы ұйқы мидың жұмысын жақсартып, денсаулықты нығайтады.
Дұрыс тамақтану: Тәртіппен және дұрыс тамақтану ағзаны қажетті энергиямен қамтамасыз етеді.
Спорт: Таңғы жаттығулар мен белсенділік иммунитетті нығайтып, күні бойы өзіңізді сергек сезінесіз.
Кедергілерді жоюға арналған кеңестер:
the village
Уақытты жоспарлаңыз: Кешке ертеңгі күнді жоспарлаңыз. Істерді маңыздылығына қарай бөліп, орындаған сайын тізімнен өшіріп отырыңыз.
Алаңдататын нәрселерді жойыңыз: жұмысқа кіріспес бұрын әлеуметтік желілерді жабып, ұялы телефонды сөндіріп қойыңыз.
Мүмкіндік шегіңізді біліңіз: Өз күшіңізді дұрыс бағалаңыз. Одан артық жұмыс көлемін алуға тырыспаңыз.
Жұмыс орнын тәртіпте ұстаңыз: Әр зат өз орнында болсын. Бұл жұмысқа арналған кеңістікті ұйымдастырады және алаңдауға жол бермейді.
Заманауи технологияларды пайдаланыңыз: тұрмыстық техникалар, мысалы, блендер мен ет турағыш ас әзірлеу уақытын үнемдейді.
Егер айналысатын ісіңізді қатты ұнатсаңыз, оған өзіңізді толықтай арнағандықтан, қиындықтар аз болады. Егер күнде сізге негатив әкелетін іспен айналыссаңыз, өзіңізді күйзеліске ұшыратасыз.