Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШетелден келген азаматтарға уақытша ЖСН тек бір рет қана беріледі, деп хабарлайды El.kz.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, уақытша жеке сәйкестендіру нөмірі елге келген шетелдіктерде болуы міндетті. Яғни ол шетел азаматына бір рет қана меншіктеледі. Оны алудың өзіндік тәртібі де бар: шетел азаматы құжатының түпнұсқасын ұсыну қажет.
Көбінесе бейрезиденттің ЖНС-нін алуға ниеттілер елорда мен Алматы және шекараға жақын орналасқан қалалардың ХҚКО-да көп. Мәселен, бір күнде 13 мың өтініш түскен кездер де болды. Былай қарағанда, бұл бір ай бойы түсетін өтініштердің көлеміне тең. ХҚКО-лардың штаттық режімде жұмыс істеуін қамтамасыз ету мен азаматтарымызға ыңғайлы жағдайды сақтап қалу, сонымен қатар шетелдік азаматтарға қызмет ұсыну мақсатында Астана, Алматы қалаларындағы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Ақмола облыстарындағы жеке халыққа қызмет көрсету орталықтары күшейтілген режімге ауыстырылған, - дейді ведомство таратқан мәліметте.
Аталған ХҚКО-ларда қызметкерлер саны да күрт өскен. Олардың саны кей жерлерде 148-ге дейін жетеді. Алайда министрлік Қазақстан Республикасының азаматтарына қашан да басымдылық берілген тәртіппен қызмет көрсетілетінін айтты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?