23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Үкімет отырысының баспасөз брифингінде энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтан тілшілер бірыңғай уақыт белдеуінің өзгеруі электр энергиясына қаншалықты әсер етіп жатқанын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше, бүгінгі таңда Үкіметтің өзіндік генерацияны дамыту бойынша жүйелі бағдарламасы бар. Десе де, шетелден электр энергиясын сатып алумен байланысты біраз қиындық бар көрінеді.
Бүгінде уақыт дифференциациясына байланысты электр энергиясы қымбат. Алайда біз генерация объектілерінің жеткілікті үлкен көлемінің құрылысы басталғанын түсінуіміз керек. Осы арқылы негізгі жүктеме тапшылығы жабылады, - дейді Сәтқалиев
Министр уақыт белдеуінің өзгеруіне қатысты KEGOC ресми түсініктеме бергенін атап өтті. Десе де, уақыт белдеуіне байланысты электр энергиясының жұмсалуы жағынан өсім барын жасырмады. Бірақ бұл жалпы тұтынудың жүзден бір бөлігінен аз екенін жеткізді.
Айта кетейік, еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен бері қоғам арасында бұл уақыттың қолайсыз екені жиі айтылуда.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік