6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерУәлиханов университетінде Қазақстан-Корея аймақтық инновациялық орталығының ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екі елдің инновациялар мен білім беру саласындағы белсенділігін біріктіретін бұл маңызды оқиға Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы инновациялық жобаларды, академиялық зерттеулерді және тәжірибе алмасуды дамытудың басты катализаторы болады.
Орталықтың миссиясы-өңірлік экономикалық прогресті ынталандыру, жастардың бірегей дағдыларын дамыту алаңын қамтамасыз ету, технологиялық прогреске жәрдемдесу және Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени байланыстарды нығайту.
WOOSONG университетінде оқитын студенттер және Endicott колледжімен серіктестікте жаһандық және қонақ үй менеджментінде оқитын студенттер енді тек жазғы мектептерде ғана емес, сонымен қатар осы бағдарлама бойынша ғылыми және өндірістік тағылымдамаларға қатыса алады.
Сонымен қатар, Қазақстан-Корея инновациялық орталығына қатысатын студенттер үшін қос диплом бағдарламалары әзірленуде, бұл оларға Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен Вусонг университетінен екі маңызды диплом алуға мүмкіндік береді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі