Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікТөтенше жағдайлар министрлігі үйде өрт шыққан жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндіріп берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, төтенше жағдай туындаған жағдайда бірінші кезекте 112 нөміріне қоңырау шалыңыз. Сонымен қатар газ беру кранын жабыңыз, электр қуатын өшіріңіз. Өрттің дамуының бастапқы кезеңінде сіз оны барлық өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіштер, төсек жапқыштары, құм, су және т.б.) пайдаланып, сөндіруге тырысыңыз. Бұдан өзге ауа ағыны мен өрттің таралуын болдырмау үшін үйіңіздегі барлық есіктерді жабу қажеттігін ұмытпаңыз. Мұнан соң үйден шығуға әрекет етіңіз. Ол үшін ең қауіпсіз жолмен жүріңіз. Егер түтін сіздің үйіңізге еніп кеткен болса, еденге жақын болыңыз. Себебі онда әрқашан таза ауа болады. Аузыңыз бен мұрныңызды дымқыл орамалмен немесе сүлгімен жабыңыз. Ең бастысы, өрт сөндірушілердің рұқсатынсыз үйге оралмаңыз.
Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарласу керек.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді