23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТөтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиаспас» әуе экипажы шұғыл медициналық көмек қажет болған науқасты Зайсаннан Өскеменге жеткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Ми-8» тікұшағын пилоттар Сергей Пинигин мен Олег Алфеев басқарды. Борт инженері Ұлбала Абдилдаев өз міндетін мүлтіксіз атқарған. Әуе бригадасымен бірге санитарлық авиация дәрігерлері Рим Мендыбаев пен Татьяна Сергеева сапарға шықты.
1985 жылы туған науқасқа жедел медициналық көмек қажет болғандықтан, ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды. Бұл әуе техникасы ұзақ қашықтықты қысқа уақытта еңсеруге және қолжетімсіз аймақтарға жылдам жетуге мүмкіндік береді, - деп жазылған ТЖМ ақпаратында.
Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау сәтті өтіп, науқас Өскемендегі медициналық мекемеге уақытылы әрі қауіпсіз жеткізілді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады