12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстан ТЖМ терек мамығының қауіптілігі туралы ескертеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаздың басталуымен аулаларда, тротуарларда және ғимараттардың жанында жиналатын терек мамығынан өрт қаупі күрт артады. Ол тез тұтанғыш, тіпті кездейсоқ лақтырған сіріңке немесе темекі тұқылдары өртке әкелуі мүмкін.
Мамықты өртеу ерекше қауіп төндіреді, оны балалар ойын ретінде қабылдайды. Көбінесе өрт тез таралып, машиналарға, ғимараттарға және тұрғын үйлерге ауысады.
ТЖМ кеңес береді:
Егер сіз біреудің мамықты өртеп жатқанын көрсеңіз, өтіп кетпей тоқтап, түсіндіріңіз, қажет болған жағдайда құтқарушыларды шақырыңыз.
Балалармен сөйлесіңіз – «отпен ойнау» қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін түсіндіріңіз.
Үйлердің, гараждардың, дүкендердің жиналған мамықтан тазартыңыз. Су төгіңіз, өртемеңіз!
Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз: рұқсат етілмеген жерлерде темекі шекпеңіз, құрғақ жерлер мен мамықтың жанында ашық от жақпаңыз.
Өртті сөндіруден оның алдын алу оңайырақ. Бей-жай қарамаңыз, терек мамығы бірнеше секунд ішінде өртке ұласып, оның зияны орасан зор болуы мүмкін.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер