Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТЖМ қызметкерлері жоғалған адамдарды тауып, құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іздестіру-құтқару операциясы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында жүргізілді.
Кеше күндіз үш адамнан тұратын отбасы Балқаш қаласынан Саяқ ауылына қарай көлікпен шықты. Бүгін түнде құтқарушыларға алаңдаған туыстары хабарласып, олардың келмегенін, олармен байланыс жоқ екенін хабарлады.
ТЖМ күштері жоғалғандарды Саяқ ауылына жетпей 70 шақырым жерде тапты. Олар зардап шеккен жоқ. Белгілі болғандай, олар ұялы байланыс жоқ жерде қар құрсауында тұрып қалған. Олардың көліктерінен басқа бұл учаскеде кері бағытта келе жатқан жүк және жеңіл көліктер тұрып қалған. ТЖМ күштері қар құрсауында қалған барлық автокөліктерді құтқарып, Балқаш қаласына қарай бағыттады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?