Кеше, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қостанай қаласында 2002 және 2003 жылы туған екі ер адам тереңдігі шамамен екі метр болатын гараждың жертөлесіне түсіп, өзін нашар сезініп, есінен танып қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
2001 жылы туған үшінші ер адам жоғарыға көтеріліп, 112 желісіне хабарласып, құтқарушыларды шақырды.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері сығылған ауадағы аппараттарды пайдалана отырып, жерқоймаға түсіп, екі ер адамды шығарып, оларды дәрігерлерге тапсырды. Жедел медициналық қызмет қызметкерлері зардап шеккендерге оқиға орнында алғашқы көмек көрсетіп, оларды ауруханаға жеткізді.
Оқиға туралы хабарлаған үшінші адамды ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары қарап, ауруханаға жеткізді. Тексеруден кейін ол өзін жақсы сезініп, уйіне оралды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға жұмыс істеп тұрған генератордан шыққан газдардың жиналуы себеп болған.
Кеше, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр