2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЖеңістің 80 жылдығына орай төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің өңірлерінде тарихи естеліктерді сақтауға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған бірқатар естелік және патриоттық іс-шаралар ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соғыстан кейін көптеген майдангерлер мен тыл еңбеккерлері Отанға қызмет етуді әртүрлі салаларда, соның ішінде азаматтық қорғау жүйесінде жалғастырды. Бүгінгі күнде азаматтық қорғау органдарына өмірін арнаған 1 ардагер мен 20-ға жуық тыл еңбеккері бар. Олардың тәжірибесі, еңбекқорлығы және жоғары парыз сезімі арқасында құтқарушылардың жаңа буындарын даярлау үшін берік негіз қаланды. Осындай батырлардың бірі-Ұлы Отан соғысының ардагері Долидудо Егор Степанович, ол өз өмірін ішкі істер органдарында және әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінде қызмет етуге арнады. Ол майор шеніне дейін көтерілді.
Жеңіс күні қарсаңында құтқарушылар жыл сайынғы дәстүр бойынша 97 жастағы ардагерді үйінің жанында құттықтады. Алғыс пен құрмет белгісі ретінде Алматы гарнизонының оркестрі ардагер үйінің алдында аңызға айналған әскери әуендерді орындап, мереке мен терең құрмет атмосферасын қалыптастырды. Құттықтаудан, естелік сыйлықтардан басқа оған ТЖМ құтқарушысының заманауи нысанды киім-кешек жинағы табыс етілді, - деп жазылған ТЖМ ақпаратында.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова