Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАқтөбеде суға батқан жылқыны құтқарушылар үш сағаттан астам уақыт ішінде мұз арасынан алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе қаласының тұрғындары Елек өзенінің бойындағы кешкі серуендеу кезінде тек басы мұздың үстінде көрініп тұрған жылқыны байқады. Жанашыр куәгерлер құтқарушыларға 112 нөмірі бойынша хабарласқан.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жолдың жоқтығына байланысты айтарлықтай қашықтықты жаяу жүріп өтіп, трос арқылы жануарды мұзға көтеруге тырысты, бірақ мұз оның салмағын көтере алмады.
Содан кейін кәсіби құтқарушылар биеге жағаға дейін жол ашуға шешім қабылдады. Үш сағаттық уақытты қажет еткен жұмыс ақталды - жануар құтқарылып, жақын маңдағы шаруашылықтың жылы қорасына орналастырылды.
ТЖМ құтқарушылары жұқа мұзға шығу әркімге де өте қауіпті екенін қаперге салады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар