29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТЖМ қызметкерлері Солтүстік Қазақстанда қар құрсауында қалған жүргізушіні құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов ауданында Чистополье және Салқынкөл ауылдарының арасында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды. 1989 жылы туған жүргізуші 112 нөміріне хабарласып, көмек сұраған.
Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірге жоғары өтімді техникамен оқиға орнына жедел жетіп, автокөлікті тазартылған жол учаскесіне сүйреп шығарды. Жүргізушіге медициналық көмек қажет болған жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға дауылды ескертулерге назар аударып, ауа райы нашарлаған жағдайда алыс жолға шықпауға кеңес береді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек