Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыТЖМ құтқарушылары қарт адамдарға оқыс жағдай кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған жағдайдың бірі елорданың көпқабатты үйлерінің бірінде орын алған. Онда құтқарушылар өз пәтерінде қалып қойған зейнеткерге көмекке келді. Әйелдің ұлы көмекке жүгінген көрінеді.
Альпинистік жабдықтарды пайдаланып, құтқарушылар 5-ші қабаттан 4-ші қабатқа түсіп, ішке кіріп, кіреберіс есікті ашты. Пәтерде 89 жастағы кейуананың дәрменсіз күйде жатқанын көріп, ТЖМ қызметкерлері зардап шегушіні жедел медициналық жәрдем бригадасына аман-есен табыстаған.
Ал мұндай екінші жағдай Қызылорда қаласының құлпы сынған тұрғынүйлердің бірінде тіркелді. Пәтерде 1947 жылы туған әйел мен жақында ота жасалған 1982 жылы туған қызы қамалып қалған.
Құтқарушылар бригадасы оқиға орнына келіп, слесарлық құралдардың көмегімен есікті ашты. Әйелдер құтқарушыларына алғысын білдірді, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар