23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҰлытау облысының Сәтбаев қаласында құтқарушылар Ерден көшесіндегі көпқабатты үй пәтерін ашуға көмектесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Құтқару жұмыстары қыздың 112 қызметіне хабарласуынан кейін басталған. Ол екі күн бойы анасымен байланыса алмай, пәтер есігінің жабық тұрғанын айтып, көмек сұраған.
Оқиға орнына келген құтқарушылар үш иінді баспалдақ пен арнайы құралдардың көмегімен балкон терезесі арқылы пәтерге кірді. Іштен 1968 жылы туған әйел ес-түссіз күйде табылды, - деді ТЖМ баспасөз қызметіндегілер.
Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен әйелге дереу көмек көрсетіп, оны орталық облыстық ауруханаға жеткізген. Туыстарының дер кезінде дабыл қағуы мен құтқару қызметінің жедел әрекеті мүмкін болатын ауыр зардаптардың алдын алуға сеп болып отыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады