30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚостанай қаласында тұрғындар «112» қызметіне үй ауласындағы биік ағаштың басында сегіз күн бойы мысықтың отырғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрлігінің кезекші ауысымы дереу жеткен. Мысық алтыншы қабат деңгейіндегі биіктікте болған көрінеді. Ағаш бұтақтарының тым жіңішке болуы себепті құтқарушылар автосатыны қолдану туралы шешім қабылдады.
Жануардың құлап кету қаупін ескере отырып, құтқарушылар қауіпсіздік мақсатында арнайы төсеніш жайып, барлық қажетті шараларды қолға алды. Содан кейін мысық абайлап қолмен түсіріліп, жерге еш зақымсыз жеткізілді.
Құтқарылған мысық мейірімді тұрғындардың қарауына берілген соң куәгерлер құтқарушылардың кәсібилігі мен жануарға деген жанашырлықтарын жоғары бағалап, алғыс айтты.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды