23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Төтенше жағдай министрлігі Экология және табиғи ресурстар, Ішкі істер министрліктерімен бірлесіп 8-14 шілде аралығында «ОРМАН» профилактикалық іс-шарасын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, бұл жұмысқа жергілікті атқарушы органдар, еріктілер мен қоғам өкілдері тартылады.
«Орман» іс-шарасы аясында туристік базалардың, демалыс үйлерінің, пансионаттардың, сауықтыру лагерьлерінің, балалардың жазғы демалыс орындарының иелерімен және қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру, ұсынымдар беру бойынша кездесулер өткізілетін болады.
Бұдан басқа, орманды дала алқаптарында ТЖМ бөлімшелерінің қызметкерлері, полиция, орман шаруашылығы инспекциясы, өңірлік «Атамекен» ҰКП және еріктілер қатарынан бірлескен мобильді топтардың рейдтері жалғастырылуда, - делінген мәліметте.
ТЖМ өрттен өте сақ болуға және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады:
- орманда, қалың бұталарда, егінің жанында от жағуға болмайды;
- құрғақ шөпті өртемеңіз;
- сөндірілмеген темекіні, сіріңкені, шыны заттарды, өздігінен жанатын материалдарды тастамаңыз;
- орманда пиротехникалық бұйымдарды пайдаланбаңыз.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік