Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТөтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов биыл болған ірі орман өрттерінен кейін техникалық жарақтандыруға ерекше ден қойып отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Азаматтық қорғау саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспары бекітілді, оның шеңберінде табиғат қорғау және орман мекемелерін, ТЖМ-ның материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін нығайту жоспарлануда, - деді ол.
Сондай-ақ жұмыс алгоритмін реттеу мақсатында ТЖМ мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі арасында орман өрттерінің туындағаны туралы хабарларға ден қою бөлігінде келісім бекітілді.
2024-2027 жылдарға арналған орман өрттерінің алдын алу және жою жүйесін жетілдіру жөніндегі жоспардың жобасы әзірленді, - деді ол.
Айта кетейік, Семейдегі орман өрті кезінде оқиға орнына барған депутаттар техниканың тым ескі екенін, жұмыс алгоритмінің дұрыс ұйымдастырылмағанын сынға алған еді.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды