1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіТөтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы болып Ермек Бейсеуов тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Ермек Бейсеуов 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын, Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
2006-2007 жылдары – Алматы қаласы Алмалы ауданының мемлекеттік-құқық бөлімі бас маманы, 2007-2008 жылдары – Алматы қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті Алмалы ауданы бойынша өнеркәсіп бөлімінің бас маманы, бастығы болған
Әртүрлі жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің көмекшісі, мемлекеттік-құқық бөлімінің бастығы, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінің аппарат басшысы болып жұмыс істеді.
Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары және Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?