6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«Көктем-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуында көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жою үшін тартылатын барлық қызметтердің күштері мен құралдарының әзірлігі тексерілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Чингис Аринов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Чингис Ариновтың айтуынша, олардың жалпы саны 39 мың адам, шамамен 11 мың бірлік техника, 500-ден астам жүзу және 3 мыңнан астам су айдау құралдары.
Бейнеконференция байланыс режиміндегі кеңеске Ресей Федерациясының 8 шекаралас өңірі қатысты. Олармен трансшекаралық елді мекендерді су басқан жағдайда жедел ақпарат алмасу және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі шаралар пысықталды, - деді ол.
Сондай-ақ төтенше жағдайлар министрінің сөзінше, оқу-жаттығу барысында волонтерлер мен үкіметтік емес ұйымдар тартылып, халықты қауіпсіздік мәдениетіне оқытуға ерекше назар аударылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі