Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары2 күн ішінде республика бойынша 14 адам улы газдан улану салдарынан ауруханаға жатқызылып, 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Жылыту пешін орнату және пайдалану ережелерін бұзу халық арасында улы газдан уланудың кең таралған себебі болып отыр.
Осылайша, республика бойынша 14 адам ауырлығы әртүрлі дәрежедегі улы газдан улану себебінен ауруханаға жатқызылып, 3 адам қайтыс болды.
Мәселен, Абай облысындағы Семей қаласында пешпен жылытылатын 2 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану ережелерін бұзғандықтан, түтін мұржасының тартылуының болмауына байланысты улы газдан уланып 3 адам ауруханаға жатқызылды.
Сондай-ақ Астана қаласында пешпен жылытудың ақаулығына байланысты 2 қабатты жеке тұрғын үйде орташа ауырлықтағы улы газдан уланып, алты адам ауруханаға түскен.
ТЖМ халыққа жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жоюды ұсынады. Пештердегі жарықтарды жою, мұржаларды 3 айда кемінде 1 рет тазалау, аязда пештерді қатты қыздырмау, от жағу үшін ұзындығы от жағу өлшемінен аспайтын отынды пайдалану қажет.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар