Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБүгін, 19 қазан – Құтқарушылар күні! Ширек ғасыр ішінде елдің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша орасан зор жұмыс атқарылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік беретін бірқатар ірі жоба іске асырылды. Сондай-ақ 1,5 мыңға жуық өрт-құтқару автотехникасы сатып алынып, 30-дан астам өрт сөндіру депосы мен құтқару станциялары салынды. Кәсіби кадрларды даярлау жұмыстары да жүргізілуде. Азаматтық қорғау академиясын 5 мыңнан астам маман бітіріп шықты. Биылдан бастап алғаш рет курсант қыздар оқуға қабылданды, - деді министр.
Оның айтуынша, азаматтық қорғау органдарында 27 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.
28 жыл ішінде құтқарушылар төтенше жағдайлар мен өрттерді жоюға 1,5 миллионнан астам шақырту алды. Олардың кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында 400 мыңнан астам адам құтқарылды, 380 мыңға жуық адам төтенше жағдайлар түрлі аймақтардан эвакуацияланды, - деді Сырым Шәріпханов.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?