Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрТөтенше жағдайлар министрлігінің құрылымына кіретін Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімі ТЖ-ға жедел ден қоюға арналған жаңа арнайы автомобильдер мен жабдықтар алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Техниканы беру салтанатты рәсімі Семей қаласының орталық алаңында өтті. Заманауи машиналардың кілттерін әскери қызметшілерге ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов тапсырды. Автопарктің құрамына жолсыз және күрделі рельеф жағдайында жұмыс істеуге арналған өтімділігі жоғары автомобильдер кірді.
Іс-шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли, төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, бөлім қолбасшылығы, жеке құрам және ардагерлер қатысты.
ТЖМ автопаркіне алғаш рет берілген барлық техника жаңа XV сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алды. Бұл көліктің ведомстволық байланысын көрсетіп, оның визуалды сәйкестендірілуін күшейтеді.
Сонымен қатар рәсім аясында төтенше жағдайларды болжау және жою кезінде қолданылатын заманауи жабдықтардың арсеналы көрсетілді. Бұл мониторинг, байланыс және басқару технологиялары қолжетімді емес өңірлерде де тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Келіп түскен техника пайдалануға беріліп, күнделікті қызметте — патрульдеу, мониторинг және шұғыл шығу үшін пайдаланылады. Бұл әскери-құтқару бөлімдеріне ресурстарды нақты жағдайда дереу пайдалануға мүмкіндік береді.
ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімі Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл өңірлер өнеркәсіптік жүктемелермен де, табиғи тәуекелдердің жоғары деңгейімен де ерекшеленеді: су тасқыны, орман өрттері, сел және сырғыма, - делінген мәліметте.
Шара соңында ТЖМ басшысы мен облыс әкімі қалалық құтқарушылар алаңына шыршаның жас көшеттерін отырғызды. Көгалдандыру жалғасып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өтіп, құтқарушылардың абаттандыруға және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға қосқан үлесін атап өтті.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова