2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр23 наурызда сағат 08:28-де Еңбекшіқазақ ауданы аумағындағы облыстық маңыздағы «Түрген ауылы – Батан шатқалы» автожолының 23-24 шақырымында қар жамылғысының тұрақсыздығы және таулы беткейлерде қардың көп жиналуына байланысты өздігінен қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта қар көшкінің параметрлері нақтылануда. Оқиға салдарын жою және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оқиға орнына мына күштер мен құралдар жіберілді: «Қазселқорғау» ММ-нен 1 қызметкер мен 1 техника бірлігі, сондай-ақ Алматы облысы ТЖД-нен 1 қызметкер мен 1 техника бірлігі.
Еске саламыз: азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Алматы облысының «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» шешіміне сәйкес, 2024 жылғы 15 қарашадан 2025 жылғы 31 наурызға дейін «Түрген – Батан – Асы обсерваториясы» облыстық маңыздағы автожолының 15-41 шақырым аралығы көлік қозғалысы үшін жабық.
Азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және маршруттарды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруге шақырамыз, - делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратында.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова