18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақтарда абай болуға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының ТЖ департаменті «Қазгидромет» мекемесінің 2022 жылғы 20 қарашадағы № 18 дауылды ескертуінің негізінде таулы аймақтарда жауын-шашынның түсуіне байланысты, сондай-ақ 20-21 қараша аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкінің түсуі қауіпі бар екенін хабарлайды, осыған байланысты таулардың қарлы беткейлеріне шығу ұсынылмайды.
Қатты жауын-шашын ( қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, тіпті таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс.
- Егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз.
- Егер сіз тау бөктерінде қардың жылжуын , қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн-бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкіннің қауіпі мүмкін екенін білдіреді.
- Үйге қайтуды тәуліктің кеш уақытына кешіктірмеңіз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін.
- Рюкзактарда мына қажетті заттар болуы тиіс: жылы киімдер,күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.
- Ешбір жағдайда тауға жалғыз бармаңыз!
- Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды маршрутыңыздың бағыты және орналасқан жеріңізді барынша толық хабардар ету өте маңызды.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр