22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде туыстарының иелігіндегі жер телімдері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Жергілікті халықтың айтуынша, Қызылорда облысында сіздің туыстарыңыздың меншігінде көп жер бар көрінеді. Ол туралы не айтасыз?» деп әкімге сұрақ қойды БАҚ өкілі.
Облыс әкімі егер туыстарының бірі заңсыз жер телімін иемденген болса, онда іс заң аясында қайтарылатынын айтты.
Сіз ол мәселе бойынша маған жазбаша сауал жолдаңыз. Болмаса, құқық қорғау органдарына да берсеңіз болады. Олар тексеріп, сізге ақпаратын береді. Мен сіздің сұрағыңызбен келіспеймін. Алса, кезінде заң аясында берілген. Қарапайым азаматтар үлескер ретінде алып жатыр ғой. Біз әкім болғанша, осыдан 20 жыл бұрын алған шығар. Ал басқа ондай иемденіп алып қойған жері жоқ. Жазбаша жолдасаңыз, міндетті түрде жауап береміз, - деді Н.Нәлібаев
Сондай-ақ, ол өңірде пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтару жұмысы қарқынды жүріп жатқанын атап өтті.
Баяндамамда айтып кеттім. Былтыр 157 мың гектарды мемлекет меншігіне қайтардық. Биыл 200 мың гектардан артық жерді қайтарамыз деп жоспарладық. Оның ішінде біздің туыс бола ма, басқа бола ма, заңсыз алса, міндетті түрде мемлекетке қайтарылады. Оны менен басқа да органдар қарап, қадағалап отыр, - деді өңір басшысы.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев