Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚаржылық мониторинг агенттігі кең ауқымды операция жүргізіп, тұтынушылық кооператив ретінде жасырылған «Buyers Union» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметінше, олар салымшыларды жылжымайтын мүлік, көлік сатып алуға және Trade in және ReFinance бағдарламаларына қатысып инвестиция салуға үгіттеген.
Сонымен қата, кооператив жеке тұлғалардың қаражатын тартудан дивидендтер алу мүмкіндігімен менеджер болып жұмыс істеуге мүмкіндік берген. Кооперативке қатысудың міндетті шарттарының бірі өмірді сақтандыру үшін ай сайын 30 мың теңге төлеу және сатып алынатын мүліктің құнынан 10%-дық жарна төлеу болған, - делінген мәліметте.
Сөйте тұра кооператив салымшыларға ақша алғаны туралы ешқандай құжаттар ұсынбаған, ал салым сомасы тек пайдаланушылардың жеке кабинетінде көрсетілген.
Нәтижесінде пирамидаға 250-ден астам салымшы тартылып, 300 млн теңгеден астам қаражат салған.
Пирамида ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары