Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыӘнші, продюсер Мөлдір Мұқанованың журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатынан кейін Тұрсынбек Қабатовқа қатысты қоғамда пікірталас күшейе түсті. Осы мәселеге қатысты PR маманы Ақсұлу Саңғали Demedia подкастында пікір білдіріп, Тұрсынбек Қабатовтың ақпараттық дауға байланысты әрекеті дұрыс болмағанын айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тұрсынбек Қабатов өзінің абыройын басқаша қорғап алуы керек еді. Ол пиармен дұрыс айналысып жатқан жоқ. Өзінің абырой-беделін сақтап қалатын дұрыс құралды қолдана алмай отыр, – деді маман.
Ақсұлу Саңғалидың айтуынша, Мөлдір Мұқанованың көтерген мәселесі көп әйелге жақын, сондықтан қоғамда эмоциялық әсер тудырды.
Адамға адам қызық. Мөлдір Мұқанованың жағдайы көптеген әйелдің басынан өткен. Сол себепті бұл оқиға көпшіліктің эмоциясын қозғады. Бұл жерде мәселе өсек айтуда емес, мәселе қаншалықты эмоция тудыра алатынында, – деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Тұрсынбек Қабатовтың отбасына опасыздық жасағанын және балаларымен араласпайтынын айтқан болатын. Ал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов бұл айыптауларды жоққа шығарып, балаларымен бірге екенін мәлімдеген еді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары