23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Продюсер Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында жеке өміріне қатысты алғаш рет ашық пікір білдіріп, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен арада ажырасу болғанын растады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, бұл тақырыпқа байланысты әңгіме 14 жыл бұрын басталған. Бүгінге дейін баспасөзге сұхбат бермей келген продюсер осы жолы бар шындығын бөлісті.
Көңілдесі бар екенін білдім. Пәтер, көлік, қымбат әшекейлер – бәрі соған бұйырды. Маған өте ауыр болды. Тіпті өмірмен қоштасуды да ойладым. Бір күні «Ажырасамыз ба?» деген хабарлама келді, – деді Мұқанова.
Сондай-ақ ол балалардың әкесін сағынып жүретінін айтты.
Балалар жылайды, әкесін сағынады. Суретке түсіп, «әкеме жібер» дейді. Бірақ жібере алмаймыз, себебі ол бізді бұғаттап тастаған. Кейде өзім де жазамын, кездескім келеді. Бірақ Тұрсынбек кешірім сұрап келмеді, – деді продюсер.
Журналист Жанар Байсеміз сұхбат барысында эмоцияға беріліп, кейіпкерімен бірге көз жасына ерік бергенін жазды.
Әлеуметтік желілерде бұл сұхбат үлкен талқылау туғызып, қолданушылар түрлі пікір білдіруде.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік