6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАбай облысының әкімі Берік Уәли жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбаймен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдік мәліметінше, Тұрсын Құдакелдіұлы кездесуде аймақ басшысына өңірдің тарихы мен мәдениетіне, әдебиеті мен руханиятына қатысты ойларын айтты. Ұлы Абайдың 180 жылдығын республикалық деңгейде атап өтуге, Алаш мұрасын түгендеуге, облыстағы тарихи ғимараттарды сақтауға, жаңғыртуға қатысты пікірлерін ортаға салды.
Семейдегі Абай Құнанбайұлы кітап оқыған бұрынғы Гоголь кітапханасының ескі ғимаратын мемлекеттің қарамағына алу, Алаш қайраткерлері Халел Ғаббасов, Биахмет Сәрсенов, Ике Әділұлының, даңқты диктор Әнуарбек Байжанбаевтың есімдерін ұлықтау жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
Жоғарыда аталған тұлғалардың есімдері бүгінде көмескі тартып, ұрпақ жадынан өшіп барады. Семейде Алаш партиясының құрылғанын жариялаған, алаштың съезі өткен үй бар. Соны да назарда ұстау керек. Ғұлама тарихшы Құрбанғали Халидидің есімі де, еңбектері де лайықты деңгейде ұлықталмай келеді. Келесі жылы тарихшының 180 жылдығы. Оның жазған еңбектері қазақ тарихы, этнографиясы үшін аса құнды, - деді Тұрсын Жұртбай.
Облыс әкімі кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы назарға алынып, жұмыс жоспарына енгізілетінін атап өтті.
Абай облысы – ұлы Абайдың, ғұлама Шәкәрімнің, дана Мұхтардың, Алаш қайраткерлерінің ізі, Әміренің әуелеген әні қалған қастерлі мекен. Өңірдің руханиятына, әдебиеті мен мәдениетіне еңбек сіңірген тұлғалардың есімдерін ұлықтау, шығармаларын насихаттауға қатысты жоспарларымыз бар. Аймақтағы тарихи ғимараттар да назардан тыс қалмайды. Бұл бағыттағы жұмысты бастап та кеттік, - деді аймақ басшысы.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі