22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елімізде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін үйлестіру кеңесі бар. Барлығымыз еліміздегі қылмыс санының азаюына және нөлдік төзімділікке қол жеткізуге мүдделіміз. Сондықтан үйлестіру кеңесінің жанынан қылмыс пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қандай да бір шағын топ құру керек шығар?, – деп Аида Балаева заңдылықты, тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында айтты.
Аида Балаева ҚР Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы екенін алға тартып, орталықтың жұмысы жөнінде айта кетті.
Қазіргі таңда біздің комиссия белсенді жұмыс істеп жатыр. Әртүрлі ұсыныстар мен алгоритмдерді өңірлерге жіберіп жатырмыз. Аудан орталықтарындағы жағдайды бақылап, жүйелі тыңдалым өткізіп отырамыз. Дегенмен «өңірлерде де не болып жатыр?» деген сұрақ туындайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша статистикада бұл бағыттағы жұмыстың қалай жүргізіліп жатқанын сандармен ғана естиміз. Сондықтан барлық мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру маңызды, - деді Балаева.
Бұған дейін үйлестіру кеңесінің отырысында сөйлеген Бас прокурор Берік Асылов Салтанат Нүкенованың атышулы кісі өліміне қатысты пікір білдірген болатын. Ол қазақстандықтардың тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту туралы петицияға қол қойғанын атап өтті.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев