Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСоңғы 3 айда тұрмыстық жанжалдан жазаға тартылғандардың саны 4 есе өскен. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, олардың саны 6,4 мыңнан 27 мыңға дейін өскен.
Биылғы жылдың екінші тоқсанында осындай 7 мың адам жауапкершілікке тартылса, үшінші тоқсанда олардың саны 27 мың адамды құрады. Тиісінше қамауға алынғандар саны 2 есе өсті (2 тоқсан – 3 144, 3 тоқсан – 6 051), - деді Лепеха.
Вице-министр қоғамда отбасындағы зорлық-зомбылыққа төзбеушілік және оларды жасағаны үшін жазаның бұлтартпаушылық процесі қалыптасып келе жатқанын айтты.
Мәселен, егер жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тұрмыстық қылмыстардың өсуі байқалса (+1,5%, 453-тен 460-қа дейін), онда қабылданған шаралардың нәтижесінде биылғы 9 ай бойынша олардың төмендеу үрдісі байқалды (-2,5%-ға, 668-ден 651-ге дейін), - ол.
Игорь Лепеханың сөзінше, кісі өлтіру (-4%; 76-дан 73-ке дейін) және денсаулыққа ауыр зиян келтіру (-10%; 264-тен 239-ға дейін) саны азайған.
Сонымен қатар министрлік тұрмыстық жанжалдың алдын алу жұмыстарын жандандырды. Тұрмыстық жанжалқойларға қатысты 51 мың әкімшілік хаттама жасақталды. Сот шешімі бойынша 13 мыңнан астам адам қамауға алынды (13 542), 11 мың ерекше талап белгіленді (11 719). Мұндай істер бойынша медиация тәртібімен отбасылардың 43%-ы (21 872) сотта татуласты, - деді ішкі істер вице-министрі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді